Сепарация деген не? Баланың ата-анасынан моральдық және материалдық жағынан тәуілсіз болуы, яғни, отбасындағы иерархиялық жүйенің,баланың ата-анадан бір саты төмен тұруының, теңқұқылы жүйеге ауысуы, ата-ана мен баланың бір деңгейде, екі ересек адамның достай, құрбыдай болып араласуына алып келеді. Қысқаша айтқанда, адам өз бетімен жеке тұлға ретінде өмір сүре алуы, өзі үшін шешім қабылдап, жауапкершілік жүгін сезінуі.
Бұл үдеріс кейбіреулерінде есейген шағында жүретін болса, кейбіреулерінде жасөспірім шағынан-ақ ата-анасының қаражатына өмір сүруді тоқтатқан кезде, бар жауапкершілікті өз қолына алған кезде жүреді. Сондықтан, сепарацияның маңызды пункттерінің бірі - ата-анадан қаржылай тәуелсіз болу. Дәл осы пункт - сепарацияның бастапқы кезеңі.
Менің байқауымша, қазіргі жастар 15-16...