Қазанның 27-сі - қарашаның 6-сы аралығында Алматы қаласында “Digital autumn” VR фестиваль өтті. Аталмыш шара Ташкентте, Мәскеуде және Алматыда өткізілуде. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, журналистика факультетінен 8 студент осы фестивальда медиаторлар жұмысын атқарды.
Digital autumn:sensations VR фестивалі
Қазанның 27-сі - қарашаның 6-сы аралығында Алматы қаласында “Digital autumn” VR фестиваль өтті. Аталмыш шара Ташкентте, Мәскеуде және Алматыда өткізілуде. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, журналистика факультетінен 8 студент осы фестивальда медиаторларжұмысын атқарды. Енді осы шараның ерекшеліктері туралы айтып кетейін. VR - виртуалды кеңістік деген мағынаны береді. Біздің мақсатымыз - виртуалды кеңістік арқылы адамдардың жанашырлық, қызығушылық секілді сезімдерін тудыртып, әлемде болып жатқан өзекті мәселелерге назар аударту.
Аталмыш шара Франция елшілігі көмегімен ұйымдастырылғандықтан, біз Француз авторларының 9 жобаларын жариялаған болатынбыз. Әр жоба алып, әрі маңызды мағыналарды жеткізеді. Соның ішінде жеке маған ұнаған үш жоба туралы айтып кетейін.
...