Қараша айының 4 және 9 аралығында Алматы көрермендеріне француз кинематографиясының ұсынуымен XI "Бүгінгі француз киносы" кинофестивалі өтуде. Француз елшілігінің қолдауымен жасалып жатқан шараға әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Журналистика факультеті, Кино&Медиа мамандығының 1 курс студенттері француздық режиссер - Антуан Барроның "Двойной обман Мадлен Коллинз" атты туындысын тамашалап қайтты.
Қараша айының 4 және 9 аралығында Алматы көрермендеріне француз кинематографиясының ұсынуымен XI "Бүгінгі француз киносы" кинофестивалі өтуде. Француз елшілігінің қолдауымен жасалып жатқан шараға әл-Фараби ат.ҚазҰУ, Журналистика факультеті, Кино$медиа мамандығының 1 курс студенттері француздық режиссер - Антуан Барроның "Двойной обман Мадлен Коллинз" атты туындысын тамашалап қайтты.
Алғаш рет Мега ойын-сауық орталығының Chaplin кино залында көрсетілген фильм студенттердің көңілінен шықты. Фестиваль бағдарламасына кірген фильмдер әртүрлі жанрларды: драма, комедия, триллерді қамтиды.
1 сағат 42 минутқа созылған фильмнің сюжеті Джудиттің қос өмірді сүруінен басталады. Бір апта Францияда отбасы мен екі ұлының жанында болса, келесі аптаны Швейцариядағы сүйіктісімен, қызымен өткізеді. Ұзақ уақыт бойы...