Осы апта да әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, журналистика факультеті, Баспасөз және Электронды БАҚ кафедрасының ұйымдастыруымен "Алтын қалам" 1 және 4 курс студенттері қатысуымен салтанатты кеші өтті.
Жылдағы дәстүрлі үрдіс бойынша 1 курс студенттері өз өнерлерін көрсетті.
Бұл шарада Республикалық айтыстардың жеңімпазы Бексұлтан Дарын өз жыр шашуымен шараны ашып, төбе көрсетсе, Мадияр Болысбек қазақтың қара домбырасымен "Әлқисса" күйін нақышына келтіріп орындап, Гүлайна Амангелді Ринат Зайытовтың "Қазақпын мен деп мақтанамын" өлеңін ерекше тебіреніспен оқыды.
Шара барысында Ақпарат және коммуникациялар департаментінің мамандары, деканның ғылыми-инновациялық жұмыс жөніндегі орынбасары Қ.Н.Мысаева, Баспасөз және Электронды БАҚ кафедрасының меңгерушісі Г.С.Сұлтанбаева, кафедра оқытушылары 1 курс студенттеріне жүрекжарды...