Діни иммунитет дегеніміз жеке тұлғаның діни сенімі, діни көзқарасы. Ол әр адамда әртүрлі болады, ол қалай, сіз дінді ұстанған сәттен, ең алдымен сол дін туралы қызығушылық танытасыз, білгіңіз келетін сұрақтар пайда болып, іздене бастайсыз. Сол секілді адам ізденуіне байланысты, белгілі бір дәрежеде білімі пайда болады.
«Діни иммунитет қалыптастыру»
Адам дүниеге келіп, өмір сүру үшін, әрдайым қозғалыста, рухани дамуда болады. Қоршаған ортамен байланыс, жан дүниесінің үйлесімділігі, өзіне керекті құндылықтарды табу секілді өмірлік маңызы бар қажеттіліктерді бойына сіңіріп, өмір сүру заңдылықтарын үйренеді. Адам өмірі мен қоғам арасында ерекше рухани салалардың бірі-«дін». Жаратылғандардың сенімімен бастау алып, адам өмірінде ерекше рөл атқаратын дін, бірге дамып өзгерістерге ұшырап отырады. Дін адамзат баласының сенім жүйесімен басталып, оның өмірімен тығыз байланысқа түседі. Өмірлік ұстану мақсаты, ойлау шеңбері осы діни көзқарастарымен өлшеніпте отырады.
Діни иммунитет дегеніміз жеке тұлғаның діни сенімі, діни көзқарасы. Ол әр адамда әртүрлі болады, ол қалай, сіз...