Оқуға байланысты тілектер
Көздеген мұрат-мақсаттарына қол жеткізіп, армандарың орындалсын. Келешегің кемел, болашағың нұрлы болсын. Жұртқа жұғымды, елге сүйкімді қалпыңнан айнымай, алда талай асу белестерді бағындыра бер.
Жалғанда жамандық көрмей, өмірің уайым қайғысыз өтсін.
*** *** *** *** ***
Мектепті жақсы бітіріп, жоғары оқу орнына түсіп, биік белестерден көрін. Нұрлы жол, думанды шақ тілейміз.
Кеудеңе күн орнасын. Ата-ананың қуанышы, шаңырағыңның шуағы бол. Жұлдызың жансын.
*** *** *** *** ***
Білім нәрімен сусындап, ақылды азамат, отан сүйгіштік рухтарың мықты болуын тілейміз. Азаматтық жігерлерің мұқалмасын. Асқар шыңдарды бағындырыңдар. Қонар тұғырларың биіктей берсін.
*** *** *** *** ***
Әулетіміздің кішкентайын мектеп табалдырығын аттаған қуанышты күнімен құттықтаймыз. «Тарыдай...