Әмір-Темір. Барлас руынан шыққан. Орта Азияны, Шыңғыс әулетінен шыққан хандар арқылы (1370-1405) 35 жыл билеген. Өзінен кейін билікті ұрпақтарына беріп кете алды. Ұрпақтары Орта Азияны, артынан Моғол империясын биледі.
Едіге би. Маңғыт руынан шыққан. Алтын Орданы (1400-1411) 11 жыл билеген. Ноғай Ордасының негізін қалаушы. Ұрпақтары Ноғай Ордасын биледі.
Беклербек Мамай. Қият руынан шыққаЕдіге бин. Алтын Орданы өзі қойған хандар арқылы (1361-1380) 19 жыл билеген. Ұрпақтары Запарож казактарын құрды. Жиені – Иван Грозный.
Есен тайшы. Шорас тайпасынан шыққан. Солтүстік Юань империясының Ойрат бірлестігін басқарған. (1439-1454) 15 жылдай жеке-дара билік жүргізген. Ұрпақтары Жоңғар мемлекетін биледі.
Әмір Қамар ад-Дин. Дулат тайпасынан шыққан. Моғолстанды жеке-дара (1366-1390) 25 жылдай билеген.
Әмір Қазаған. Шамасы Баяут тайпасынан шыққан болуы керек. Шағатай ұлысын (1346-1358) 12 жылдай хандар арқылы билік жүргізген. Ұрпақтары Мауреннахрды билеген.
Елтемір тайшы. Қыпшақ руынан...