Христиан әлемі желтоқсан айының 24-нен 25-не қараған түнді хазреті Исаның туған күні ретінде тойлайды. Алайда, хазреті Исаның тіпті туылған жылы да белгісіз. Оның үстіне, алғашқы кездері шіркеулер хазреті Исаның туған күнінің тойлануына қарсы еді. Римдықтар қыста жарық құдайы Митраның өздерін қалдырып кеткеніне қайғыратын. Ал күннің ұзара бастаған кезі 25 желтоқсанда болса күннің құлдықтан құтылу құрметіне ауқымды арсыздық аралас ойын-сауықтар ұйымдастыратын. 354 жылы Рим епископы Либериустың бұйрығымен 25 желтоқсан хазреті Исаның туған күні ретінде ресми түрде тойлана бастады.
Ал бұл түнге «Christmas», Рождество атауының қойылуы болса 597 жылы жүзеге асқан. «Christ» — хазреті Исаның есімі. Мақталған деген мағынаға келетін грекше «Hıristos»...