Тарихшы Мұхаммед Хайдар Дулати еңбектерінде Қазақ хандығы 1465 жылы Қозыбасы тауының етегінде құрылғанын жазады. Хандықты Әбілқайыр ұлысынан бөлініп шыққан Керей мен Жәнібек сұлтандар құрды. Бастапқыда Шу мен Талас өзендерінің арасында орын тепкен хандық, уақыт өте келе алпауыт мемлекетке айналды. Жалпы, Қазақ хандығын құрылу, өркендеу, жоңғар шапқыншылығы, ыдырау кезеңдеріне бөліп қарастырсақ болады. Әр кезеңде елбасқарған хандар бір-бірінен ерекшеленіп отырды.
КЕРЕЙ ХАН — Қазақ хандығының алғашқы ханы. Ақ Орда ханы Ұрыс ханның шөбересі. Жәнібек ханмен шайбани Әбілқайыр ханнан бөлініп шығып, Дешті Қыпшақ даласында жаңа мемлекеттің негізін қалады.
ЖӘНІБЕК ХАН — Ұрыс ханның шөбересі, Барақ ханның ұлы. Керейден соң хан сайланды. Қазақ руларын...