Адамзат коронавирус сияқты індеттермен ерте замандардан бері күресіп келеді. Осыдан бір ғасыр бұрын орын алған "испан тұмауыда" әлемде қаншама адамның өмірін жалмады. Тарихта безгек, шешек сияқты жұқпалы ауруларда болды. Оларда қаншама адамның өміріне қауіп төндірді. Коронавирус – латынның crowns (тәж) немесе halos (шеңбер) деген сөздерінен пайда болған атау. Вирусты микроскоппен қарағанда, осы екеуінің қосындысын еске түсіреді. Бұл вирустар тобына да адамға зиянын тигізетін бірнеше түр кіреді. Коронавирус 2019 жылдың желтоқсанында Қытайдың орталығындағы Хубей провинциясының Ухань қаласында пайда болды. Оны алғашқы болып жұқтырғандардың көбі теңіз өнімдерін сататын базарға барған немесе сонда жұмыс істеген тұрғындар болды. Кейін әлемге тарап, біздің елге де...