Білім, ғылым және өнер. Кез-келген өркениеттің бастауында тұрған негізгі тұтқалар. Адамзаттың негізгі құндылықтары.
Өнер білім бар- жұрттар,
Тастан сарай салғызды
Айшылық алыс жерлерден,
Көзді ашып-жұмғанша
Жылдам хабар алғызды!- деп сипаттаған ұлттың ұлы ұстазы Ыбырай Алтынсариннің осы сөздері мірдің оғындай әрқашан оңды.
Өнер мен білім қос ұғымдай қолданылады. Алайда бірі Жаратқаннан, бірі жаратылғанның талап –еңбегінен екенін ескеруіміз керек. Екеуі қасиет пен қабілеттің кебініндей сипатта. Жаратушыдан берілген қасиет болса, ары қарай дамытып алып кету оңай. Ал берілмеген болса да, мойымай еңбек ету арқылы шыдап тұрып, шыңдауға да мүмкіндік көп. Өнер мен білімнің осы бір қыңырлықтарын аңдай алсақ, әрі қарай талаптанып еңбек ету де оңай болмақ.
Білімдіден шыққан сөз, талаптыға болсын кез!- деп келетін мақалдар да...