2007 жылдың 18 қаңтарында Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясының (бұдан әрі - ҚазБСҚА) және Қазақ-Америка университетінің (бұдан әрі – ҚАУ) базасында «Халықаралық білім беру корпорациясы» ЖШС (бұдан әрі – ХБК) құрылды. Халықаралық білім беру корпорациясы – бірыңғай оқу-ғылыми-өндірістік кешен: оқу, ғылыми, өндірістік және басқа да бөлімшелерді біріктіретін көп деңгейлі жүйе бойынша білім беру процесінің функционалдық тұтастығы мен басқарылуын қамтамасыз етуге негізделген корпоративтік басқару нысаны бар ұйымдық-құқықтық құрылым.
ХБК сәулет-құрылыс бейіні мамандарын даярлау бойынша Қазақстан Республикасының базалық жоғары оқу орны болып табылады. ҚазБСҚА Қазақ политехникалық институтынан еншісін алып, 1980 жылы жеке жоғары оқу орны болып ашылды. Ел игілігі үшін өз ісінің хас...