Үшінші жаңа мыңжылдыққа аяқ басу — бір құбылыстың басы, екінші бір құбылыстың соңы болуы бек мүмкін. Ақпарат ағымы тасқындаған ғасырлар тоғысында таным дағдарысы белең алды. Жаңа мәдениет көкжиегін көксеген жаңаша көзқарас ізденіске бастап, осы тұста тың талғам қалыптасуы уақыт заңдылығы десек те болады. Тың ізденіс әдебиетте жемісін қалай беріп жатыр? Бұл — бүгінде сөз өнеріндегі жауабын күттірмес сауал. Осы өзекті мәселеге жазушы Мадина Омарова шығармашылығы арқылы үңіліп көрдік. Бірден көзге шалынатыны, М.Омарованың кейіпкерлерінің күрделілігі, қайшылықты болмысы. Автордың көркем шығармаға арқау еткен идеясының образға айналуы, яғни қаһармандар әлемі жас жазушының қазақ прозасына алып келген өзгеше демі іспеттес. Қоғамдық мәселеден гөрі, кейіпкер болмысына терең үңілу, шынайы табиғатын таныту жаңа заман еншісіндегі жаңаша автор тұлғасын елестетеді.
Үшінші жаңа мыңжылдыққа аяқ басу — бір құбылыстың басы, екінші бір құбылыстың соңы болуы бек мүмкін. Ақпарат ағымы тасқындаған ғасырлар тоғысында таным дағдарысы белең алды. Жаңа мәдениет көкжиегін көксеген жаңаша көзқарас ізденіске бастап, осы тұста тың талғам қалыптасуы уақыт заңдылығы десек те болады. Тың ізденіс әдебиетте жемісін қалай беріп жатыр? Бұл — бүгінде сөз өнеріндегі жауабын күттірмес сауал. Осы өзекті мәселеге жазушы Мадина Омарова шығармашылығы арқылы үңіліп көрдік. Бірден көзге шалынатыны, М.Омарованың кейіпкерлерінің күрделілігі, қайшылықты болмысы. Автордың көркем шығармаға арқау еткен идеясының образға айналуы, яғни қаһармандар әлемі жас жазушының қазақ прозасына алып келген өзгеше демі іспеттес. Қоғамдық мәселеден гөрі, кейіпкер...