Қысқа жазылған шығарманы кейбір оқырман жақсы қабылдап жатса, кейбір егде жастағылар кеңістік аясы тар әңгімелерден рухани қуат алмай жататындары да бар. Оқырман талғамы әрқалай. Дағды, сүрлеу жол әдеттегі бағытынан айнығанда әдеби ой-танымда тартыс, пікір қайшылығы жарысқа түсіп, қоғамдық көзқарастың екіге жарылар тұстары байқалмай қалмайтыны анық. Мәселен, бүгінгі қысқа жазылған әңгімелердің негізгі көкөзегіне кейбіреулер бойлай алмай, асығыс байлам жасайтындары да кездесіп қалады. Енді бір пікір «Қалың кітаптарды оқуға уақыт тапшы» дейтіндер қатары. Кез келген жаңа туындыны осылай топшыласақ, жеңіл-желпі ойлармен желдіртсек, автор ойын, кейіпкерлер қырын, оқырман танымын алты қырдан межелей алмас едік. Шын мәнінде қап-қап кітаптарды тауысуға уақыт тапшы, олар оқырман...