Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
Қазіргі күнде елімізде көптеген жоғарғы оқу орындары жалынды, жігерлі жастарға әр саладағы мамандықтар бойынша білім беріп жатыр. Солардың ішінде ең үздік білім беру ошақтарының бірі, әрі бірегейі - қара шаңырақ әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті.
Университетіміздің негізі 1934 жылы қаланып, 88 жыл бойы жастарды білім нәрімен сусындатып, нағыз білікті мамандарды даярлап келеді. Бүгінде университеттің 14 факультетінде 32000 мыңнан астам студент болашақ білікті маман болуға даярланып жатыр. Білім алушыларға барлық жағдай жасалған. Жалпы аумағы 100 гектарды алып жатқан ҚазҰУ қалашығында Ө. Жолдасбеков атындағы студенттер сарайы, "Керемет" студенттерге қызмет көрсету орталығы және медициналық орталық, компьютерлік орталық, жатақханалар, Жас ғалымдар үйі, спорт кешені...