Өмірде көптеген мамандықтар бар. Әр мамандықтың өзіндік ерекшеліктері бар. Дәрігерлер емдейді, ұстаздар сабақ береді, әншілер ән салады, сәулетшілер үй салады, тігіншілер киім тігеді. Басқа кәсіптер үшін де солай деуге болады.Адамдар өзіне ұнайтын кәсіпті таңдауы керек. Өйткені, әркімнің болашағы таңдаған мамандығына байланысты. Жұмысыңды сүйіп, жауапкершілікпен істегенде ғана бақытты боласың. Жас ұрпақ білімнен нәр алса, шәкірт жүрегіндегі гүл болса, бала жүрегінің бағбаны аяулы ұстаз емес па? Иә, ғалым да, халық батыры да, ақын да, ұста да, шаруа да, шопан да ұстаздан тәлім алған. Сондықтан да ұлағатты ұстазды бәрі құрметтейді. Ұстаз таудан аққан өзен іспетті, айналасындағыларға қуат беріп, жолда кездескенге ас беріп, таудай...