Менің өте жақсы жолдасым болды. Білесіңдер ғой: Кәдімгі өзіміздің Рақмет.
Новелла
Менің өте жақсы жолдасым болды. Білесіңдер ғой: Кәдімгі өзіміздің Рақмет.
Ол фальсафашыл да еді. Оның бір қызық категориясы, қалыбы бар еді: ол салыстыру, теңестіру болатын. Өмірдегі барлық құбылысты, өзгерісті осы қалыппен өлшейтін еді. Мен философияда мұндай категорияны көргенім жоқ. Оның үстіне өмірді салыстыруды керек қылмайтын нәрсенің бар екендігін де білуші едім. Бірақ, жолдасымның ойынша, өсудің, өмірдің басты заңы салыстыру сияқты еді.
— Өзің ойлашы — дейтін еді ол — қазіргі өміріміздің қаншалықты жақсы екенін өткен өмірімізбен салыстырып білеміз. Сен бір кило нан сатып алсаң, оны өлшеп бір кило гирмен салыстырып, теңестіріп береді тағы тағылар.
Шынында да салыстыру саясатта да,...