Димаш ата. Қазақтың күллі жұртқа белгілі ірі, кесек тұлғасына биыл 110 жыл. Қатігездік пен зұлымдықтың билік құрған заманында суда жүзген балықтай, алға ұмтылып, шыншылдық пен мейрімділікті ту еткен біртуар азамат екені шүбәсіз. Өзге ұлттың майталмандары Дінмұхамед Қонаевты қайталанбас тұлға ретінде танып, мұрасына қызыға қараған тұста, көкейімде үлкен сауал туындады... Қаным, жаным, рухым қазақ бола тұра, неге маған Димаш ата туралы ізденбеске?! Ойландырарлық мәселе...
Дәл осы леппен менің ойыма сап еткені, ең алдымен Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың музей-үйіне сапар болатын. Әуелден қозғағым келген дүние де осы еді. Мен сол сапардан не сезіндім? Ал онда бастайын. Мен бірде Д.А.Қонаевтың музей-үйіне ат...