Арыстан мен жолбарысты бір торға қамап қойсаң бірін-бірі талап, ақыры екеуі де талмаусырап, өзінен-өзі жүнжіп құриды. Әсіресе бір камераға қазақпен қатар орысты отырғызу Приходько мырзаның ойынша, арыстан мен жолбарыстың ырылдасуынан да зорырақ жанжалға апарып соқса керек еді...
Қызыл жебе. II кітап
Қызыл жебе. III кітап
Қызыл жебе. IV кітап
Қызыл жебе. V кітап
«РЫСҚҰЛ»
роман
Дәуірдің Қызыл Жебесі Тұрар Рысқұловқа ескерткіш.
Автор
I
Түрме әкімшілігі айламызды асырдық деп ойлады.
Арыстан мен жолбарысты бір торға қамап қойсаң бірін-бірі талап, ақыры екеуі де талмаусырап, өзінен-өзі жүнжіп құриды. Әсіресе бір камераға қазақпен қатар орысты отырғызу Приходько мырзаның ойынша, арыстан мен жолбарыстың ырылдасуынан да зорырақ жанжалға апарып соқса керек еді...
Губернатор фон Тәубе бірде қаланың игі жақсыларын шақырып қонақасы бергені бар. Сонда губернатордың бір айтқаны Приходьконың есінде мықтап сақталып қалған.
— Мырзалар, дүниедегі ең қысқа әңгімені білесіздер ме? — деп еді...