Мақала рухани жаңғыру тақырыбында.
Ата бабаларымыз салт-дәстүр, жөн-жоралғымен ақ тәрбие басын терең түсінген, білімге құштар ізденіске жақын болған. Заман өзгерісінен қалмай, басқа алпауытты елдермен терезесін тең ұстауға тырысқан. Қазіргі таңда бабаларымыздан мирас болып дарыған, қанымызға сіңген ұлттық-рухани тарихымыздан нәр алып, қазіргі заман талабына сай, өзгерістерден қорықпай, қоғамдық санамызды соған сай өзгеруі әрине заңды құбылыс. Бабалар тарихын, мәдени құндылықтарымызды ұмыту қазіргі жаһандану заманында адасудың басы болып отыр.
Қазіргі заман өте үлкен әрі жылдам өзгерістерге душар болуда. Бұл өзгеріс қарсаңында ұлттық құндылықтарымызды сақтап қалу, оны нәсихаттау алдымызда тұрған үлкен міндет. Тұңғыш Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы қазіргі қоғам дамуына жаңа серпін...