Абай Құнанбайұлының өміріндегі ақылы мен көркі сай, даналығы бір бөлек әйелдер бейнесіне шолу
«Әйелдер – әдебиеттің мәңгілік тақырыбы. Себебі, өткен ғасырдың орыс әдебиетінде танымал «Тургенев әйелдері» болатын болса, қазақ әдебиетінде «Әуезов әйелдері» деп атауға болады.
Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясы қазақтың көркем прозасын биікке көтеріп, әлем әдебиетіне жоғары эстетикалық талғам, көркемдік қуат әкелген үздік туынды. Бұл романда бір-біріне ұқсамайтын, бірін-бірі қайталамайтын, әрқайсысы өз болмысымен, келбетімен, ішкі сырымен ерекше болып көрінетін әйелдер бейнесі бар.
«Ар-ожданы тап-таза иманнан құйылғандай, жүзі мейірімге толы Зере әжелерің үлгісі іспетті. Салқын қанды, сабырлы, ақыл иесі Ұлжан аналардың үлгісіндей. Сылдырлаған шолпысы әлдеқандай, былдырлаған тілімен бар сырын Абайға ғана құпия баян ететін аппақ ару Тоғжан алыстағы қол...