әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің
1-курс магистранты Түменбай Ысматолла
Бүгінгі таңда тарихта "қазақ" және "Қазақстан" атауының шығу тегі туралы қоғамда түрлі тұжырымдамалар мен концепциялар қалыптасқан. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік алғаннан бері бұл тақырып зерттеушілердің назарына ілігіп, әлі күнге дейін өзектілігін жоғалтпады. Бірақ, көне деректердің өзі де нақты мәлімет көзі ретінде бола алады.
«Қазақстан» атауына ғана емес, қазіргі таңда төл тарихымызда көптеген ақ таңдақ тұстар бар, бірақ кейбір нақты мәліметтер белгілі бір дәрежеде толық айтылмай жатады. Соның ішінде «Қазақстан» атауына байланысты ел арасындағы атаудың қалай және қайдан пайда болғандығы туралы мәселелер қоғамдағы негізгі сұрақтардың бірі болып табылады. Тіпті, «стан» жұрнағына қарсылық білдіріп,жатсынғандар...