әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
Нұратай Айгуль
Алаш арыстарының бірі Жақып Ақбаевтың туғанына биыл 146 жыл болмақ. Өз замандастарының алды болған Жақып Ақбаев 1876 жылы Семей облысы, Қарқаралы уезінде дүниеге келген. Оның өмірбаянына қатысты белгісіз тұстармен қатар ерекше фактілердің бар екендігі мәлім.
Аталған Мәліметтерге тоқтала кеткен жөн:
1. Жақып Ақбаев қазақтардың ішіндегі ең алғаш магистр дәрежесін алған. Негізгі біліктілігі құқықтану еді.
2. Жастайынан ол зерек әрі білімге құмар еді. Жақып Ақбаев Қарқаралыдағы интернатпен қоса Омбы қаласындағы гимназиясында білімін жетілдірген. Санкт-Петербург университеті қабырғасында білім алу барысында жан-жақтылықты басшылыққа алған. Университет басшылығынан қосымша лекцияларды өтініп сұрағандығына дәлел болатын өтініш хаттар да бар.
3....