Тәуелсіздік! Тәтті ұғым ғана емес,Тәңірдің сыйы.Тәуелсіздік-мәні тереңде жатқан мағыналы ұғым.Еркіндік пен бостандыққа қол жеткізу жолында қаншама қан мен тер төгілді,жан қиарлық танытқан аға-әпкелеріміз бейбітшілік үшін,қазақ елінің тәуелсіздігі үшін күресті.1986 жылдың желтоқсан айында Қайрат,Сәбира,Ләззәт сынды қайсар тұлғалар «қазақты қазақ басқарсын» деген ұранмен шығып,өз тағдырларын қыршыннан қиып,бізге тұғыры биік тәуелсіздікті алып берді.Дәл қәзіргі сәтте осы тәуелсіз елдің ұрпағы болуымызға себепкер болған-осы кісілер.
Тәуелсіздік-қазақ жұртының ең басты мерекесі.Тәуелсіздік-отыз жылға жуық уақыт ішінде қол жеткізген барлық жетістіктің дәлелі.Соның дәлелі,осы уақыт ішінде еліміз өз шекарасын бекітіп,бәсекеге қабілеттілігін арттырды.Әлемдік Олимпиада жарыстарында топ жарып,әлемнің қақ төрінде тәуелсіздік туымыз желбіреді,Әнұранымыз шырқалды.Тәңір сыйлаған Тәуелсіздігіміздің арқасында бүкіл әлем басқа елдермен...