Баубек батырдың өмірі, батырлығы
Баубек батыр -тарихи тұлға.
Баубек батыр – қазақ халқының 1837 – 1847 жылдардағы ұлт-азаттық қозғалысында әскери қолбасшы Кенесары ханның қол астында күрескен батыр. Баубек батыр 1820 жылы қазіргі Ақмола облысы Жақсы ауданы жерінде дүниеге келген. Руы Қарауыл – Мәшектің ұлы Қарт Бәлекей → Құлымбет → Бектауыл → Түркпен, Сарғалдақ, Жасқамыс. Сарғалдақтан Тастемір → Бекмырза → Баубек. Әкесінің ата-тегі дәулетті адамдар болған. Шешесі – Шұға. 9 жасында ата-анасынан айырылған ол Кенесары ханның әскер жинақтап жатқанын естіп, сонда келеді, ханның бәйбішесі Күнімжан оны туған ұлындай қабылдап, өсіріп жеткізеді. Бұл жерде әскери тәсілдерді үйреніп, есейген Баубек, әр тұрлі жорықтарға қатыса бастайды.
Қырғыздың Отыншы атты батырын жеңгеннен кейін батыр атанған ол, жорықтарда қайраттылығымен, жауапкершілігімен...