Фариза Оңғарсынова қазақ әдебиетінде поэзия жанрында адуынды жырларымен баурап алған поэзия падишасы. Ф.Оңғарсынованың әр тақырыптағы лирикалық шығармалары, ондағы кейіпкерлер әлемі, яғни лирикалық қаһарман мәселесі, ақындық шеберлік сырлары әр адамды қызықтырары айдан анық. Өзінің шығармашылығымен әдебиет зерттеушілерінің назарын аударып отырған Ф. Оңғарсынова жырларын зерттеуге көптеген ғалымдар қызығушылық танытқан.
Ф.Оңғарсынова поэзиясының табиғатын тану – алыптардан бастау алады. Көркем сөз зергерлері Ғ.Мүсірепов, Ә.Тәжібаев бастаған қазақ ғалымдарының ізін ала М.Қаратаев, Ә.Шәріпов, С.Сейітов, З.Ахметов, Ә.Жәмішев, С.Қирабаев, Р.Нұрғалиев т.б жалғастырды. Ақынның замандастарынан К.Ахметова, Н.Оразалин, Ә.Кекілбаев, С.Ерубаев, У.Қалижанов, А.Егеубаев, Т.Шапай секілді тұлғалардың пайымдары мен пікірлері.
Фариза Оңғарсынова 1936 жылы қазіргі...