Қасиетті қазақ даласы талай ұлы ғұламаларды дүниеге алып келді. Қазақ топырағының көкірегі ояу, көзі ашық, ойшыл азаматтары бүкіл шығыс араб-парсы мәдениетін меңгеріп, өз шығармаларын көпке ортақ тілде жазып, кейінгі ұрпақтарына мұра етіп қалдыра білді. Олардың ішінде аты әлемге жайылғандары да аз емес. Солардың бірі әрі бірегейі – күллі әлемге танымал ұлы жерлесіміз — Әбу Насыр әл-Фараби.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өткен жылғы қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында 2020 жылы аталып өтетін маңызды мерейтойлар мен елеулі оқиғаларға, соның ішінде әл-Фарабидың 1150 жылдық мерейтойының аталып өтетініне тоқталды. Осы ғұлама тұлғамыздың еңбектерін халық арасында дәріптеу мәселесін көтерді. Ел өміріндегі осындай елеулі оқиғаның жас ұрпақты...