1 желтоқсан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні - жыл
сайын аталып өтілетін Қазақстандағы мемлекеттік мейрам. Аталған мерекені
белгілеу 1991 жылы 1 желтоқсанда өткен бүкілхалықтық сайлау негізінде
болды. Сайлау нәтижесінде Н.Ә. Назарбаев Қазақ КСР Президенті
лауазымына сайланған болатын. Бұл алғашқы қазақ мемлекетінің егемен ел
ретінде қалыптасуын дәлелдейтін тағы бір сәт болып табылды. Соған орай
Тұңғыш Президент күні Республикада 2012 жылдан бері атап өтіліп келеді.
Бұл шешім Сенаторлардың бастамасымен 2011 жылдың 10 желтоқсанында
заңнамалық деңгейде қабылданды. Аталған мерекенің басты маңызы -
Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың республика
алдындағы көрнекті қызметтерін атап өту және тану үшін құрылуы еді.
Жалпы қоғамға қызмет етіп, оның...