Қарашаның 13-інде өткен бұл онлайн форматтағы тәрбие сағаты студенттерге тек ұлттық валюта жайлы кеңінен түсінік беріп ғана қоймай, оның ел дамуы мен нығаюының басты себепкері екендігі жөнінде де мәліметтер айтылды. Ұлттық валютаның маңызы мен оның тәуелсіз, дамыған Қазақстан өміріндегі рөлі жайлы толықтама түсіндірулер мен ашық көзқарастар ортаға салынды. Ұлттық валютамыздың 27-жылдығы салтанатты түрде атап өтілді.
"Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті" Тарих, археология және этнология факультетінің т.ғ.к., доцент Г.Б.Қозғамбаева-ның ұйымдастыруымен Тарих мамандығы 4 курс және 1 курс студенттері Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы күніне орай «Ұлттық теңгемізге -27 жыл!» атты тәрбие сағатын 13 қарашада онлайн форматында өтті.
Президент Жарлығымен 1997 жылдан бері 15 қараша төл валютамыздың туған күні әрі қаржыгерлер күні болып белгіленілген. Тәуелсіз мемлекетіміздің ең бірінші айрықша белгісі – ұлттық валюта.
Тәрбие сағатының мақсаты: студенттерді ұлттық валютамыз теңгенің тарихымен тереңірек таныстырып, оның маңыздылығын кеңінен насихаттау.
Тәрбие сағаты барысында теңгенің қазақ даласында таралуы және оның тарихы жайында оқытушымыз көптеген мәліметтер берді. Ұлы Жібек сауда жолдары арқылы...