Қыстың алғашқы күні және алғашқы мерекесі 1 желтоқсан-Тұңғыш президент күні болып саналады.Тұңғыш президент күні 2011 жылды 10 желтоқсанында парламент сенатының толық отырысында қол қойылып, бүкіл елден қолдау таба білген мереке. Бұл мемлекеттік деңгейде аталып өтілетін мейрамның маңызы да ерекше. Тарихы да тереңде жатыр. 1991 жылдың 1 желтоқсанында тұңғыш рет қазақ даласында Президент сайлауы болып өтті.Еліміздегі тарихи таңдау күні болып саналатын бұл сәтті барша қазақстандықтар Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың топтасу күні деп есептейді. Тарих көрсеткендей қандай да мемлекет болмасын,қай заманда да әрбір елдің тағдыры шешілер қиын сәтте бір тарихи тұлға өмірге келген.Оған мысал ретінде өзінің алымды саясатының арқасында екі империяның...