Академик Қалтай Қарабалин аяқ астынынан ауырып қалды. Ол көп шәкірт тәрбиелеген белгілі микробиолог еді. Дене қызуы көтеріліп, бойы ауыр тартты. Тамақ жұтуы қиындады. Тоқсанға келген жасы бар.
Кемпірі жедел-жәрдем шақырды. Дәрігерлер келді де Қалтайдың ыстығын өлшеді. Ыстығы 38-ден асты. Бұл дәрігерлерді аяқ астынан әбігерге түсірді. 5-10 минут өтпей Төтенше жағдай қызметкерлері де келіп жетті. Дезинфекция жасалды. Бәрінің беттерінде маска бар. Шұғыл түрде қан алып, «тергей» бастады.
— Үйге кім келді, кім кетті? Шетелге барып келген ешкім жоқ па?
Сұрақ үстіне сұрақ қойылып жатыр.
— Шырақтарым, қорықпаңдар, менің өзім де дәрігермін, ангинам бар еді. Сол ғой ыстығымды көтерген, — деді Қалтай...