…көзі жұмылмай, «бұның не?» деген таңданысты сұрақ анық оқылатындай адырайып, тас қораның төбесіне қараған күйі қалыпты. Мұрыннан кеткен қан екі ұртты сағалай барып, кепкен өзеннің арнасындай былқылдап, тоңға айнала бастапты.
Ғасырға серт!
Адамзат баласы зиянда…
«Асыр» сүресі
…көзі жұмылмай, «бұның не?» деген таңданысты сұрақ анық оқылатындай адырайып, тас қораның төбесіне қараған күйі қалыпты. Мұрыннан кеткен қан екі ұртты сағалай барып, кепкен өзеннің арнасындай былқылдап, тоңға айнала бастапты. Сыпатайдың да екі ұртынан бастап омырауына дейін – іңірдегі батыс көкжиектей қып-қызыл. Ентігін енді басып, аузына келген дәмнің қошқыл татитынын, оның қанның дәмі екенін түйсінген. Түйсінген сәтте лоқсып құса бастады. Бұнысы жетпіс бес жасқа келіп, Тәшкенттегі ағаш қорасына кіріп, қайыс арқанға асылып барып тыншу тапқанша жалғасатын лоқсу екенін, әрине, ол кезде білген жоқ. Бір нәрсені түртіп, танып аларға мұршасы да жоқ. Шөкесінен отыра...