Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті жайлы жас түлектерге ақпарат беру.
Әрбір елдің кемел келешегін қалыптастыратын – жоғарғы білімді, мақсаты айқын, талантты да талапты азаматтар. Сондай бәсекеге қабілетті, шығармашыл тұлғаларды қалыптастыруда еліміздің жоғарғы оқу орындарының маңызы зор. Отандық білім ордаларының бірі де бірегейі, көшбасшысы – әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті.
85 жылдық тарихы бар қасиетті қара шаңырағымыз 1934 жылы бой көтерді. Сонан бері 180 сала бойынша маман даярлап, қазіргі күні 20 мыңнан астам студент оқытуда. Университет - «Алтын сапа» мемлекеттік марапатының иесі. Ғаламдық «UI Green Metric Ranking of World Univercities» рейтингінің зерттеу мәліметтері бойынша университет әлемдегі экологиялық таза университеттердің қатарында 172-орынға ие болды. Ректор Ғалымқайыр Мұтанұлы Мұтанов студенттердің жаңа заманға бейімделген...