Тұлғаның отан тарихына қосқан үлесін дәріптеу үшін жазылған мақала.
Белгілі тарихшы - Тұяқбай Зейітұлы Рысбеков! Келешек Қазақстан тарихнамасының дамуына өзіндік үлес қосып жүрген тарих ғылымдарының докторы, профессор Тұяқбай Зейітұлы Рысбеков. Ғылыми-педагогикалық қызметі кезінде 645-тен астам ғылыми және ғылыми-әдістемелік басылымдар жариялады. Соның ішінде: 11 монографиялар мен очерктер, 26 оқулықтар мен әдістемелік құралдар, оның ішінде 5 электронды таратушылар, 382 ғылыми жинақтар мен журналдар, 142-бұқаралық ақпарат құралдары. Ғалымның ғылыми жетекшілігімен 2 ғылым докторы, 20 ғылым кандидаттары және 24 ғылым магистрі дайындалды. Кәсіби,білгір тарихшы ретінде өткен ғасырдың 70- жылдарында таныла бастаған Т.З.Рысбеков өзінің басты зерттеу нысаны ретінде мемлекетіміздің қоғамдық саяси өмірі мәселелерін, олардың қатарында ең алдымен жергілікті кеңестердің қалыптасу, даму және нақтылы қызметі...