Менің көзім жетті… Әлі талай жүз жыл жасайсыз!..Сіз, сірә, мәңгі өлмейсіз!.. Өміріңізді жалғайтын, өзіңізге лайықты ізбасар болатын жаңа күлән-ақындар өсіп келеді…
Телефонда алған демі қырылдап-сырылдап, құлақты жарып жібере жаздаған жарықшақ кәрі дауыс өзінің үлкен ақын екенін, бүгін-ертең мерейтойы екенін самбырлай айтып түсіндірді. Телеарна басшылығынан өзі туралы xабар, мүмкін болса, тіпті деректі фильм түсіруін сұрайды. Аты-жөнін шала-шарпы ұқсам да, құлағыма таныс естілді… Мен мұндай мүмкіндіктің жоқ екенін, тек ішінара, онда да, кем дегенде, сексенге толып жатса ғана көрнекті адамдар туралы арнайы xабар түсіретінімізді айттым.
— Айналайын-ау, мен… — жүзге келіп жатқан жоқпын ба!.. — деді сыпайы кәрі дауыс, ренішін жасыра алмай....