Мақалада қазақ тілі мен әдебиет пәндерін оқытудағы инновациялық әдістерді оқу - тәрбие үрдісіне пайдалану, сондай-ақ сыни тұрғыдан ойлау технологияны қолдану тиімділігі қарастырылады. Қазіргі орта білім беру жүйесінің де өзекті мәселесі – оқытудың заманауи тиімді тәсілдерін енгізе отырып, оқушылардың білім сапасын мән-мағыналы етіп жақсарту. Жаңартылған білім берудің маңыздылығы – оқушы тұлғасының үйлесімді қолайлы білім беру ортасын құра отырып сын тұрғысынан ойлау, зерттеу жұмыстарын жүргізу, тәжірибе жасау, коммуникативті қарым-қатынасқа түсу, жеке, жұппен, топта жұмыс жасай білу. Жаңа білім беру бағдарламасы сыни тұрғыдан ойлауға, шығармашылықты қолдана білуді және оны тиімді жүзеге асыру үшін қажетті тиімді оқыту әдіс-тәсілдері (бірлескен оқу, модельдеу, бағалау жүйесі, бағалаудың тиімді стратегиялары) үйретеді.
Елбасы Н.Ә.Назарбаев көрсеткендей, Қазақстанның болашағы қазақ тілінің дамуына, тағдырына тікелей байланысты. Сондықтан да мемлекеттік тілдің оқытылу жағдайына көп көңіл бөлініп отыр. Қазіргі кезде қазақ тілі оқу-тәрбие үрдісінің сапалы нәтижесінде студенттің шығармашылық, ізденушілік, қатысымдық қабілеттілігін қалыптастыру мақсатын жүзеге асыруға жағдай туғызатын оқытудың инновациялық түрлері анықталған. Соның ішінде жекелей оқыту, ұжымдық оқыту, компьютерлік оқыту, сыни тұрғыдан оқыту, ойын түріндегі сабақ, дамыта отырып оқыту, жобалап оқыту, саралап оқыту, деңгейлеп оқыту сияқты әдістемелерді оқу-тәрбие үрдісінде оңтайлы нәтиже беріп жүрген жаңа технологиялар деп атауға болады. Қостанай политехникалық колледждің қазақ тілі мен әдебиет пәндерінің оқытушылары бүгінгі таңда білім жүйесінде жаңа инновацияға бетбұрысы жасауда. Сабақ беру процесінде...