Ел анасы атанған Ұлпаннан бүгінгі қоғамның қайраткер әйелдері үлгі алуы тиіс.
Алдымен, "Ұлпан" қандай шығарма? Ондағы бас кейіпкер Ұлпан қандай тұлға? Жазушының Ұлпан бейнесі арқылы қазақ қоғамындағы әйелдерге берген бағасы қандай? Ең бастысы, бүгінгі ел басқарып отырған әйелдермен романдағы Ұлпан тұлғасын салыстыру қаншалықты мүмкін? Қазіргі қыздарға осылардың қайсысы ұнайды?
Жазушы көп жылдар көкірек қалтасында суытпай сақтаған бір есім - Ұлпан екен. Шығарманың алғысөзінде Ұлпан есімімен қашан, қалай танысқанын жазғанына қарап, ол туралы жазылмақ дүниесін ұзақ жылдар ой сандығында сақтап келуі кейіпкердің тегін жан емесін танытады. Шығарманың бір ерекшелігі осы: тарихи кезеңдерді, қазақ тарихындағы есімі белгілі тұлғаларды жазғанымен, автор тарихи деректермен емес, әдеби образдармен, әдемі, нәзік юмор араласқан көркем тілмен сөйлейді. Соған...