Бір күні Жиреншені хан шақыртып, оған қырық сиыр беріпті. «Осы сиырлардың ішек қарнын тірілей тазалап әкел, барлығын да соясың, сойғанда біреуінің ішінен бір түйір де қылтан шықпасын!» — депті. Жиренше сиырларды алып, әйелі Қарашашқа келеді. Қарашаш:
— Қорықпа, сиырларды ащы құдықтың басына алып барып, жалғыздап суар да, суарғаныңды сол жерде айналдырып қуа бер. Әуелі ішінің қармауы кетер, онан кейін жынды су кетер, ең соңында қара судың өзі кетер, — депті.
Жиренше Қарашаштың барлық айтқандарын істеген екен, оның айтқандарының барлығы да дұрыс келіпті. Сөйтіп, қырық сиырдың барлығының ішін тазалап, ханға алып келіпті. Хан сиырларды шетінен соя бастапты. Бірақ ешбіреуінің ішінен қылтаң...