Балабақшаларға, мектептерге, колледждерге және жоғары оқу орындарына қабылдау үшін құжат тапсыру жеңілдетілді.
«Еліміздегі мемлекеттік қызметтің басым бөлігі білім беру саласында көрсетіледі. Әсіресе, балабақшаларға, мектептерге, колледждерге және жоғары оқу орындарына қабылдау қызметі — үлкен сұранысқа ие.
Білім беру ұйымдарына құжат тапсыру үшін біраз уақыт жұмсау қажет болатын. Ол үшін көптеген анықтамаларды жинап, басқа мемлекеттік органдардан құжаттарды алып, оларды апарып беру сынды бірқатар кезеңдерден өту қажет еді. Мұндай процесс өте ыңғайсыз екені түсінікті.
Біз бұл жағдайды өзгертіп жатырмыз», деп жазды Асхат Аймағамбетов Facebook-тегі парақшасында.
Министрдің айтуынша, балабақшаларға, мектептерге, колледждер мен жоғары оқу орындарына қабылдау процесін автоматтандыру, қағазбастылық деңгейін күрт төмендету, жалпы қабылдау...