Ұлы Отан соғысына қатысқан жауынгер туралы
Ұлы Отан соғысы көптеген пікірталастарға қарамастан, әлі күнге дейін көптеген адамның өмірін қиған тарихи оқиға. Қазақстан соғысқа қатысқан адамның саны мен шығынның нақты санын әлі толық анықтаған жоқ. Осы уақытқа дейін бізде қазақстандық жауынгерлер туралы, олардың соғыстағы жолы мен әскери бөлімдері туралы құжаттары, қай жерде және қалай жараланғаны немесе қаза тапқандығы, қайда жерленгені туралы мәліметтерді зерделеу мен қалпына келтіруде олқылықтар бар.
Әрбір отбасында осы соғысқа қатысқан адам бар және олардың әрқайсысы есте сақтау және болашақ ұрпақта мақтаныш сезімін ояту үшін ерекше назар аударуға лайық. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жыл сайын соғыс ардагерлерін құрметпен қонаққа шақырып, студенттерге ардагерлермен кездесу өткізіп, патриотизм сезімін...