Әл-Фараби туралы
Дүниежүзілік білім мен мәдениеттің ұстазы
Ұлы даланың ұлық тұлғасы, даналық діңгегі Әбу Насыр әл-Фараби заманының әлеуметтік - саяси көзқарастарын, тіл мәдениетін, философиялық-гуманитарлық (философия, логика, этика, эстетика, саясат, социология, лингвистика, поэзия, шешендік өнер, музыка) және жаратылыстану (астрономия, астрология, физика, химия, география, космология, математика, медицина) ғылымдары салаларын терең меңгеріп, осы бағыттарда құнды ғылыми жаңалықтар ашты. Әл-Фараби бабамыз антиканың мол мұрасын, әсіресе, көне гректің Платон мен Аристотель секілді классик ойшылдарының философиялық көзқарастарын араб-мұсылман мәдениетіне енгізумен қатар, ислам мен антиканың идеяларына синтез жасауды да іске асырған ғұлама ғалым. Тарихқа үңіліп, шолу жасап «әлемнің екінші ұстазы» туралы айта кетсем деймін. Фараби өз дәуірінің рухани шамшырағы...