Өзбек хан заманының төрт әулиесіне Алладан: «Өзбек ханға барып, оны ислам дініне кіргізіңдер» деген аян келеді. Алланың бұйрығымен олар Өзбек хан ордасының сыртына келіп отырып, өздерінің ғибадаттарын жасай береді. Ол кезде Өзбек хан сарайында сиқыршылар мен дінсіз көріпкелдер мынадай сиқыр көрсететін еді: олар Өзбек хан мәжілісі не өздерімен бал құйылған ыдыс әкелетін. Оған түтік салса, бал түтік арқылы тостағандарға өзі құйылып, тостағандар кісілердің алдына өзі жылжып баратын. Хан бұларды өзінің шайықтары санап, өзімен қатар отырғызып, оларға үлкен қызмет көрсететін. Бірде мұсылмандар келген күні де Өзбек хан әдеттегідей мәжіліс өткізді. Күндегі дей оның шайықтары өздерімен бірге бал алып келді. Бірақ бұл...