«Әмір Темірдің Әмір Темір болып жүргені әулиелердің нәзірі түскен екен, қырық шілтен ғайып ерендер қолдаған екен!» десіп келеді.
Сегіз жасар күнінде намаз жамиғатқа ең әуел хұтпа намазына барған екен. Үйге қайтып келген соң, шешесіне айтыпты:
— Жұрттың не жыны бар екенін білмеймін, мешітке кірісімен, Қағба Алланы көріп, кұлақтарын қаға бастайды. Мен имам әлһамды оқып болып, сүре қосар кезде әрең көріп, сонда кұлағымды қақтым, — депті. Өз ойында ойлаған екен: «Намаз оқығандардың бәрі де мешітке кірісімен Қағба Алланы көреді ғой! Соны көріп, кұлақ қағады ғой!» — деп. «Қағба Алланы көрмей, құлақ қақпаймын!» деп, қалшиып, қақпастан тұрып қалады екен. Сонан соң Қағба...