Айбол мен Сұңғат бір сыныпта оқиды. Екеуі көрші тұрады. Бірге ойнайды. Бірде Айбол Сұңғаттың бұлбұл даусы шығатын ысқырығына қатты қызықты. Сұңғатқа оны қалада оқитын ағасы әкеліп берген еді.
Бір күні кешке ойнауға барған Айбол терезе алдында тұрған ысқырықты білдіртпей алып кетті. Үйіне жүгіріп келіп, қайда барып ысқырарын білмеді. Көзіне қораның төбесінде жинаулы тұрған шөп түсті. Төбеге шығып, жинаулы тұрған шөптің қалқасына отырып алып, армансыз бір ысқырды. Бұлбұл секілді құйқылжытты. Одан да басқа дыбыстар шығарды. Не керек, әйтеуір бір құмардан шығып, мәз болды. Осы кезде жұмыстан келе жатқан әкесі баласының қора төбесінде бір дыбыс шығарып отырғанын естіп, көріп қалды. Әкесінің қасына...