Арғын баласы Қызбелін, Қыземшегін сағынып, туған еліне кетіп барады. Екі жасында анасы Дәмештен, он жасында әкесі Дулаттан айырылып, жетімдік пен жоқшылықтың тауқыметін бала күнінен тартып өскен Міржақып туған ауылына үлкен сағынышпен келе жатыр. Кеудесін сағыныш сезімі тырналап, аңсап келеді. Сағынышпен қоса марқайып, үлкен қуанышпен келеді. Қуанышы — оның Қазан қаласындағы «Шарқ» баспасынан «Оян, Қазақ!» атты тұңғыш кітабы шыққан еді.
Білдіру білмегенге білгенімді, өзімнің деп білемін зор міндетім...
Міржақып
Арғын баласы Қызбелін, Қыземшегін сағынып, туған еліне кетіп барады. Екі жасында анасы Дәмештен, он жасында әкесі Дулаттан айырылып, жетімдік пен жоқшылықтың тауқыметін бала күнінен тартып өскен Міржақып туған ауылына үлкен сағынышпе келе жатыр. Кеудесін сағыныш сезімі тырналап, аңсап келеді. Сағынышпен қоса марқайып, үлкен қуанышпен келеді. Қуанышы — оның Қазан қаласындағы «Шарқ» баспасынан «Оян, Қазақ!» атты тұңғыш кітабы шыққан еді. Туған ауылынан кеткелі бес-алты жылдың жүзі болған соң ба, әлде туған жердің түтінін сағынды ма екен, әйтеуір, асығып келеді. Жырақта жүрсе де, көз алдынан Бидайығы, Қызбелі, Қыземшегі мен Сарықопасы кеткен емес. Омбы...