Түйебайды ел-жұрт шешен-шешен дейді екен. Сол шешенді қу жігіттер бір сүріндірмек оймен Түйебайды қой сойып, қонаққа шақырыпты. Бірақ Түйебайды бірер сағат кешігіп келетіндей етіп хабарлапты. Асты алдарьша алып, Түйебайға беретін басты өздері тазалап мүжіп, қалған қу басты кішкене табақшаға салып, Түйебайға әзірлеп қойыпты. Осы мезгілде Түйебай да кіріп келіп, сәлемдесіп, төрге орналасады.
— «Түйе бойына сеніп, жылдан құр қалыпты» деген осы да, — деп мақалдай сөйлеп, қу басты Түйебай шешеннің алдына қоя салыпты да, өздері үн-түнсіз қалыпты. Сонда Түйебай шешен саспастан басқа қарап отырыпты да:
— Япыр-ай, мына бастың ұстайын десем құлағы жоқ, көріп-көрісейін десем көзі жоқ, сөйлесіп мән-жайды сұрайын...