ХІХ ғасырда Ұлы жүз Албан-Қызылбөрік елінде Қожамқұлатты іші тар, күйгелек, шыр мінезді сараң бай өмір сүріпті. Оның Ұлы жүзге белгілі «Көкқасқа» деген бәйгі атын бай ел аралап кеткенде, ерке-шолжаң, алаңғасар ұлы Масғұт:
— Әкеңнің Құдайдан тілеп алған жалғызы да, еркесі де, серкесі де сенсің. Бір атқа билігіңді жүргізе алмағаның ба? — деп біреудің азғыруына түсіп, өзінің көңілжетер адамына беріп жібереді.
Масғұт сол шақта он бес-он алтылардағы үйленбеген бозбала екен. Сапардан оралып, баласының келеңсіз қылығына іші күйген, ашуы асып-тасқан бай Масғұтты таяқ алып жаяу қуады. Ұлы жеткізбей ентіктіріп, дымы құрып, шаршайды. Әлі бітіп-шаршап жерге отыра кеткен Қожамқұл баласына басқа істер амалы қалмаған соң,...