Мақалада X-Y-Z ұрпақтар теориясының тарихы мен Z буын өкілдерін оқыту мәселесі туралы айтылған
Әлеуметтанушылар әрбір 20 жыл сайын алдыңғысынан ерекшеленетін жаңа буын дүниеге келеді деген ойды айтады. Қазіргі таңда X, Y және Z ұрпақтары туралы жиі айтылып жүр. Жас теориясының үш негізгі компоненті (X, Y және Z ұрпақтары) және бір қосымша компонент (Baby boomers) бар. 1991 жылы АҚШ зерттеушілері Нил Гоув (Neil Howe) пен Уильям Штраус (William Strauss) алғаш рет жас айырмашылықтарының ерекшеліктері туралы айтты. Олар адамдардың жас айырмашылықтарына қарап, әртүрлі уақыттағы ұрпақтардың құндылықтарына негізделген теорияны шығарды. Олардың пікірінше, әр кезең шамамен 20 жылға созылады. Ал Қазақстанда бұл туралы нақты статистикалық дерек жоқ болса да, X-Y-Z ұрпақтар теориясы туралы өмірдің өзі көрсетіп...