Бүгінгі қоғамда актуальды мәселеге айналған әке тақырыбына өз естеліктеріммен пікір білдірмек ниетім болды. Көп қолданыста жүрген мақалдың бұрыстығын өз әкемнен көрген тәлім-тәрбиеммен делелдеу үшін қолыма қалам алдым.
(Әкем туралы бір үзік сыр немесе мақалға қарсылық)
Әкем кітап жинағанды жаны сүйетін. Таңдап түскен мамандығы математика пәні мұғалімі болса да, әдебиетті пән мұғалімдерінен артық білуші еді десем қателеспегенім болар. Алыстан келе жатқанда адамның көзі еріксіз түсетін түр-сипаты келіскен, көп ой үстінде жүретін жан еді. Қанша қатал адам болғанымен жүзінде бір жымиыс ұшқыны жан баласын өзіне тартып тұратын. Өзге кісілер балаларына ойыншық әкеліп берсе, әкем әртүрлі баспадан шыққан мұқабасы көз тартарлық, қызықты жаңа кітаптарды сыйға тартып, өзі секілді әдебиет пен өнерді бағалайтын ұрпақ болып өскенімізді қалайтын. Егде жастағы қарттармен де, балалармен де тең сөйлесіп, терең ой иесі ретінде сұхбаттасатын. Ақыл-ойы...