Аса өрнекті, әлеміш ажарлы ғұмыр күмбезінде дәуір баурайынан құтайып, керіш уақытқа із салған, кеніш көңілдің қыртысын жазып, адамзат аманатын айғақтаған өшпес із бар. Кезеңдерден қонып, дәуірлерден түскен – замансөз. Біздіңше, таңбалы хат, танымды публицистика, кесімді пікір. Ғарасатқа дейінгі адамзат баласының ақ қағаз бетіндегі үндеуі, жоғына жамау, барына сауап арқалаған құтпарақ. Абай бабам атаған келер заман – көк тұманның өлшемінен бөлек, өткен мен бүгіннің жаднамасы, ұлтқа ұстахана, жазарманға – қамсау сарай. Қисынды, сұлу болғаны өз алдына, жанның сарайы. Бағамдасам, ғұмырында қанатымен парасат мекенін қапқан көңіл құсын өз көкірегінде ұялатқан Әбіш Кекілбайұлы жансарайынынан осындай биік леп байқалады. Жүрекке...